Для лучшей работы сайта мы используем куки
ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚАНДАЙ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛАЙ ТАНУҒА БОЛАДЫ
25 маусым, 2021 жыл
Зорлық-зомбылық тек ұрып-соғумен, қорқытумен немесе жыныстық қатынасқа мәжбүрлеумен шектелмейді. Оның көріністері көп. Ал отбасылық зорлық-зомбылықтың негізгі 4 түрі бар: физикалық, жыныстық, экономикалық және психологиялық. Біз осы түрлердің әрқайсысы қалай көрініс табатынын және олардың қауіпті екенін түсіндіреміз.
1. Физикалық зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ең айқын түрі. Физикалық зорлық-зомбылық деп:
кез-келген (алақанмен, жұдырықпен, затпен жасалған) соққылар және шапалақ,
ұрып-соғу,
шаштан тарту,
тұншықтыру,
тырнау,
улау,
өртеу және басқа тәсілдермен физикалық азап шектіру,
дүмпулер, бір нәрсені лақтыру немесе қозғалысты шектеу, қаруды қолданып/қолданбай физикалық шектеу және т.б. саналады.
2. Сексуалды зорлық-зомбылық
Бұл үйдегі зорлық-зомбылықтың тағы бір кең таралған түрі, мұнда кез-келген тәсілмен: манипуляция, қорқыту, бопсалау немесе күш көрсету арқылы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлейді. "Жыныстық зорлық-зомбылық" термині зорлық-зомбылық пен жыныстық қатынастың екі түрлі екенін түсіндіру үшін енгізілді. Егер Серіктестің келісімінсіз және ерік-жігеріне қарсы кез келген жыныстық әрекеттер жасалса, демек ол жыныстық зорлық-зомбылық болып танылады.
Бүкіл әлемде қарым-қатынаста болған 15 пен 49 жас аралығындағы әйелдердің үштен бір бөлігі (27%) өмір бойы өздерінің жақын серіктесі тарапынан қандай да бір түрде физикалық және /немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы хабарлайды.

Сексуалды зорлық-зомбылықтың мысалдары:
  • жыныстық қатынас кезінде сіз дәрменсіз күйде немесе сананың өзгерген күйінде болдыңыз (түс көріп жатқанда, алкоголь немесе есірткінің әсерінен және т. б.);
  • сіз күйеуіңізбен жыныстық қарым-қатынасты уақытында қаламағандықтан немесе өзіңізді жайсыз сезінгендіктен, оның соңы ашу, ыза немесе елемей қалуы мүмкін болған соң бас тартуға қорқасыз;
  • сіздің қалауыңызға қарсы жыныстық әрекеттің кез-келген түріне қатысу (порнографияны көруден бастап рөлдік ойындарға дейін, BDSM тәжірибесі және т.б.).

Сондай-ақ жыныстық қатынас немесе жыныстық және репродуктивті денсаулық мәселесіне байланысты зорлық-зомбылықтың бірқатар түрлері бар:
  • пәктікті тексеру;
  • әйелдің жыныс мүшелеріне зақым келтіретін операциялар;
  • жүктілікке немесе жүктілікті үзуге мәжбүрлеу және басқалар.
3. Экономикалық (қаржылық) зорлық-зомбылық
Отбасылық қарым-қатынаста экономикалық немесе қаржылық зорлық серіктесіңіздің сізге қатысты қаржылық бақылауы ретінде көрінеді. Экономикалық зорлық түрлері:
  • Сіздің жұбайыңыз немесе серіктесіңіз жалпы бюджетті және /немесе сіздің кірістеріңізді (мысалы, сіздің ақшаңызды) бақылайды, жалпы қаржылық шешімдер қабылдаған кезде сіздің пікіріңізді ескермейді;
  • Сіздің жұбайыңыз немесе серіктесіңіз сізден өз кірісінің мөлшерін жасырады;
  • Қандай себеп болмасын сізге жұмысқа баруға тыйым салады;
  • Ақшаны күйеуіңіз ұстайтын болған соң, сізде қаражат мүлде жоқ және қарапайым тұрмыстық қажеттіліктерге ақша сұрауға тура келеді: сіз "қаражатты қалай басқаруды білмейсіз";
  • Барлық құнды мүлік (жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б.) серіктесіңіздің атына рәсімделген, бірақ ол Сізді өз атыңызға несие алуға көндіреді және т. б.
4. Психологиялық (эмоционалды) зорлық-зомбылық
Зорлық-зомбылықтың ең айқын емес түрі. Көп адамдар эмоционалды зорлық-зомбылықты агрессордың сипаты ("ол бәрімен дөрекі сөйлеседі") немесе отбасындағы қарым-қатынас моделі ретінде қабылдауға дағдыланған ("менің күйеуім әрқашан қайда және кіммен екенімді бақылайды"). Шын мәнінде, мұның бәрі өзін-өзі бағалауға әсер ету, дәрменсіздікті үйреншікті ету, психологиялық зақымға және басқа да денсаулықтың ақауларына әкелуі мүмкін.

Психологиялық зорлық-зомбылық төмендегідей көрінуі мүмкін:
  • сізді "жазалау" мақсатымен әдейі елемейді немесе күйеуіңіздің / серіктесіңіздің көңіл-күйі сізге жиі және күрт өзгереді;
  • сіздің келбетіңізге, ақыл-ой қабілетіңізге және мінез-құлқыңызға бөгде адамдардың көзінше де үнемі сын айтылады;
  • достарыңызбен және туыстарыңызбен қарым-қатынас жасау шектелген: қоңыраулар мен хат алмасулар, орналасқан жеріңіз бақыланады;
  • агрессор өзіне / сізге / балаларыңызға / туыстарыңызға / үй жануарларына зиян келтіреді деп қорқытады, сонымен қатар егер сіз оның қалауын орындамасаңыз немесе оған бағынбасаңыз, өзінің күші мен агрессиясының көрінісі ретінде заттарды бұзады;
  • сіз зорлық-зомбылық туралы әңгіме бастағанда, сізді "ештеңе болмады" деп сендіреді және фактілерді бұрмалайды ("мен мұны істей алмадым, саған солай көрінді /сенің ойлап тапқаның/ сен бәрін дұрыс түсінбейсің").
SILSILA қорының мамандары зорлық-зомбылықтың түрлерін тануға және оларды тоқтатуға көмектесе алады. Егер Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға көмек қажет болса, бізге хабарласыңыз.
Мы благодарим Сулу Болек за подготовку перевода!
Аударма үшін рахмет Сулу Болек!