Для лучшей работы сайта мы используем куки
Шетелдік азаматшаның зорлық-зомбылық туралы өтінішпен полицияға қалай жүгінуге болатыны туралы 6 сұрақ
25 маусым, 2022 жыл
Егер әйел басқа мемлекеттің аумағында физикалық (ұрып-соғу) немесе жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен болса, полицияға жүгінудің қажеті жоқ болып көрінуі мүмкін. Бірақ олай емес. Зорлық-зомбылық отбасында немесе жақын қарым-қатынаста болса да, ол "отбасылық немесе жеке іс" емес. Зорлық-зомбылық қай аумақта жасалғанына қарамастан әрқашан қылмыс болып табылады. Кез келген елдегі құқық қорғау органдарына жүгіну – бұл өзіңізді және құқықтарыңызды қорғау, сондай-ақ кінәліні жауапқа тарту үшін қажет міндетті минимум.
Маңызды
Зорлық-зомбылықты кез-келген уақытта, тіпті денеде іздер қалмаса да, мәлімдеуге болады және мәлімдеу  қажет. Бірақ зорлық-зомбылық жасағаннан кейін полицияға неғұрлым тезірек барсаңыз, агрессордың жазалану ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.
Шетел азаматтығы бар әйелдерге, Ресей Федерациясының полициясына қалай хабарласуға болатыны туралы жиі кездесетін сұрақтарға жауап бердік.
  1. Мен Ресей аумағында зорлық-зомбылықтан зардап шектім, бірақ менің Ресей азаматтығым жоқ. Менің полицияға жүгінуге құқығым бар ма?
Иә, құқыңыз бар. Сіз елде заңды не заңсыз болсаңыз да, өтініш беру тәртібі мен көмек алу құқығы сіз үшін Ресей Федерациясының азаматтарымен бірдей.
Сіз полицияға бірнеше жолмен жүгіне аласыз:
· 102 (полиция) немесе 112 (шұғыл қызмет) нөміріне қоңырау шалыңыз. Егер дәл қазір сізге қатысты зорлық-зомбылық жасалып жатса, бірден полицияға қоңырау шалып, өміріңізге қауіп төніп тұрғанын хабарлаңыз. Сізге полиция қызметкерлері жіберіліп, жазбаша өтініш не өз сөзіңізден жазып алынған өтініш қабылдайды.
· кез-келген полиция бөлімшесіне келіп, өзіңіз өтініш беріңіз.
· егер сізге қазір қауіп төнбесе және қауіпсіз жерде болсаңыз, онлайн өтініш беріңіз. Бұл жағдайда Сізге ешқайда барудың қажеті жоқ, өтініш жоғалмайды және ол қарастырылады, бірақ қарастыруға көп уақыт кетуі мүмкін.
Өтініш үлгісі өз қалауыңызша жазылады, бірақ төмендегі ақпараттар міндетті түрде өтініште жазылуы керек:
1. Сіз өтініш жолдайтын ішкі істер орган атауы немесе ішкі істер органында лауазымды адамның аты-жөні. Полиция бөлімшесіндегі үлгіні қолданыңыз немесе беттің жоғарғы жағын бос қалдырыңыз.
2. Сіздің аты-жөніңіз.
3. Сізге өтінішті бағыттау туралы жауап немесе хабарлама жіберілетін мекенжай.
4. Байланыс: электрондық пошта және телефон нөмірі.
5. Жасалған зорлық-зомбылықтың сипаттамасы: қашан, қайда, кім және не істегені туралы сұрақтарға жауап беруді ұмытпаңыз, сонымен қатар қылмыс ретінде жіктелуі мүмкін барлық әрекетін (мысалы, "соққы жасады"," өлтіремін деп қорқытты " және т. б.) және ауырлататын жағдайларын жазыңыз ("адамдар тобы", " осал күйде" және т. б.). Бұдан басқа, зорлық-зомбылық жасаған адамның немесе топтың барлық белгілі деректерін: ТАӘ, туған күні, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректерін міндетті түрде көрсетіңіз.
6. Құқық қорғау органдарынан сұраным: мәлімдемеге «тексеруді және жауапқа тартуды сұраймын» (кімді? аты-жөні және зорлық-зомбылық жасаған адамның басқа да белгілі деректері) деген тіркесті қосуды ұмытпаңыз.
7. Жеке қолыңыз және өтініш берген күн.
Полиция қызметкерлері сізге қағаз, қалам, өтініш үлгісін және оны жазуға ыңғайлы орынды беруге міндетті. Өтініш кезекшіге берілгеннен кейін, тергеушіге түсініктеме беру үшін бірден күткен дұрыс. Маңызды: өтінішіңіздің қабылданғанын растайтын талон-хабарламаны міндетті түрде алыңыз.
Полицияға жүгінудің қандай түрін таңдасаңыз да, Қор маманы сізге өтініш беруге көмектеседі.

Көмек қажет болса, бізге хабарласыңыз!
2. Мен орыс тілін жетік білмеймін, полицияға қалай жүгінсем болады?
Өтінішті міндетті түрде сіздің немесе жалғыз берудің қажеті жоқ. Егер сіздің орныңызға немесе сізбен бірге полицияға орыс тілін жақсы білетін басқа біреу-туыс, дос, таныс немесе қор маманы хабарласуға дайын болса, онда бұл адам сіздің орныңызға өтініш беріп, сізге көмектесе алады. Мұндай жағдайда өтініштің мазмұны бірдей болып қалады.
Маңызды: өтініш қабылданғаннан кейін тергеушіге шақырыласыз, сізге ең негізгі сұрақтарға жауап беру керек (зорлық-зомбылық фактісін растау, агрессордың атын атау және т.б.).

Көмек қажет болса, бізге хабарласыңыз!
3. Мен елде заңды түрде жүрмін, бірақ менің барлық құжаттарым күйеуімде / туысқанымда / жұмыс берушіде.Бұл жағдайда не істеуім керек?
Егер құжаттарыңызды жұбайыңыз, туысқаныңыз немесе жұмыс берушіңіз ұстап қалса және құжаттарыңыз қолжетімсіз болса, мұндай жағдайда да полиция өтінішті қабылдайды. Бірақ бұл мәселені Ішкі істер органдарының қарастыруына жіберу керек, құжаттарыңызды заңсыз ұстау - бұл өз алдына жеке қылмыс. Құжаттарыңызды ұстап отырағн адам олардың қажетсіз екенін айтып отырса да, сізге олар керек болады.

Жеке құжаттарға қатысты негізгі қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыз:
  • ешкімге, ешқандай жағдайда құжаттарыңызды бермеңіз,
  • барлық құжаттарыңыздың көшірмелерін өзіңізбен бірге ұстаңыз,
  • өз еліңіздің консулдық байланыс нөмерін анықтап алыңыз,
  • егер құжаттар жоғалған немесе ұсталған жағдайда, туыстарыңызбен байланысыңыз, олар сіздің еліңізден құжаттарыңыздың барын растайтын анықтама жібере алады.

Көмек қажет болса, бізге хабарласыңыз!
4. Мен құжаттарымды жоғалттым / елде заңсыз жүрмін. Полицияға қалай жүгінуге болады?
Зорлық — зомбылық нәтижесінде Сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізге төнген қауіп құжаттарды жоғалтудан немесе көші-қон режимін бұзудан гөрі аса қауіпті. Сондықтан зорлық-зомбылықты басыңыздан өткерсеңіз, полицияға хабарласыңыз.

Егер Сіз құжаттарыңызды жоғалтсаңыз, оларды 3 күн ішінде қалпына келтіру үшін полицияға хабарласыңыз.

Әлеуметтік мәртебеңізді қалпына келтіру үшін еліңіздің елшілігіне немесе полиция бөліміне хабарласыңыз. Ресей Федерациясының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы толық ақпаратты осы материалдан оқыңыз. Көші-қон заңнамасы туралы осы және басқа да материалдар қырғыз, өзбек және тәжік тілдерінде migrussia.ru ақпараттық порталында қолжетімді.

Көмек қажет болса, бізге хабарласыңыз!
5. Егер өтінішімді қабылдамаса не істеуім керек?
Маңызды

егер сіз төмендегідей жағдайға тап болсаңыз:

  • өтінішіңізді қабылдамайды,
  • полиция қызметкерлері әрекетсіз немесе, керісінше, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланады— қорқытады, қорлайды және т. б.,
  • сізден пара талап етеді немесе "келісуді" ұсынады,

және басқа да заңсыз әрекеттер жасалса, оларға шағымдануға құқығыңыз бар.

Алдымен полиция қызметкерінің бейджден немесе төсбелгіден деректерін жазып алыңыз, полиция бөлімінің бастығына немесе оның орынбасарына қоңырау шалып, кезекшінің заңсыз әрекеттері туралы айтып беріңіз. Егер қызметкер басшылықты шақырудан бас тартса, сіз:
  • 112 нөміріне қоңырау шалу арқылы (шұғыл қызмет),
  • Ресей ІІМ тегін "сенім телефонына" 8-800-222-74-47 хабарласу арқылы,
  • прокуратура органдары арқылы,
операторға өтінішіңізді қабылдамағаны туралы айтыңыз.
Полициямен қарым-қатынас жасау туралы толық ақпаратты осы материалдан оқыңыз.Осындай немесе көші-қон туралы басқа да материалдар қырғыз, өзбек және тәжік тілдерінде migrussia.ru ақпараттық порталында қолжетімді.
Сіз Ресей Федерациясының Заңында көзделген құқық бұзушыға жауапкершілікті артуға  толық құқығыңыздың бар екенін есіңізден шығармаңыз. Жасаған зорлық-зомбылыққа Сіз кінәлі емессіз. Көмек қажет болса, бізге хабарласыңыз! 
6. Егер мен полицияға жүгінсем, агрессорге қандай жауапкершілік артылады?
Сіздің күйеуіңіз немесе туысқаныңызда Ресей азаматтығы болмаса да, Ресейде заңсыз әрекеттер жасаса, ол осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес жазаланады. Ұрып-соғу, азаптау, денсаулыққа зиян келтіру, жыныстық және отбасындағы зорлық-зомбылықтың басқа да заңсыз түрлері қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады! Сондықтан полицияға жүгінудің мәні бар. Мұны өз құқығыңызды, денсаулығыңыз бен өміріңізді қорғау үшін жасаңыз!
SILSILA қорының мамандары зорлық-зомбылықтың кез келген түрін тануға және оларды тоқтатуға көмектесе алады. Егер сізге немесе Сіздің жақындарыңызға көмек қажет болса, бізге хабарласыңыз.
Мы благодарим Сулу Болек за подготовку перевода!
Аударма үшін рахмет Сулу Болек!